Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Дата12.06.2020
Размер1.64 Mb.
Название файла-

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОЛ-КӨЛІК ФАКУЛЬТЕТІ
Автокөлік кафедрасы
БЕКІТЕМІН

______________________

(лауазымы)

______________________

«____» ___________2012 ж.

өндірістік тәжірибе бойынша

ЕСЕП БЕРУ
_______________________________________________________________

(тәжірибе орны)

Есептің қабылдау бағасы

_________


Комиссия мүшелері:

____________ _______________

____________ _______________

Тәжірибе жетекшісі



__Жайлаубеков М.А__________

«___»____________ 2012 ж.


Орындаған _ТТ-10-1_ тобының

студенті __Сырбаев Е.Б

«___»____________ 2012 ж.

2012 ж.


Мазмұны

Кіріспе ............................................................................................................................3


1.1 Автомобильдардың техникалық пайдалану ережесі ...........................................4
2.1 Шиналар мен доңғалақтарға қойылатын талаптар ..............................................5

2.2 Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу ..................6

2.3 Автокөлік құралдарына сыннан өткізу кезеңіндегі техникалық қызмет көрсету ...........................................................................................................................8

2.4 Автокөлік құралдарына күн сайынғы техникалық қызмет көрсету ..................9

2.5 Автокөлік құралдарына маусымдық техникалық қызмет көрсету ....................9

2.6 Автокөлік құралдарына консервациялау және сақтау алдында техникалық қызмет көрсету ............................................................................................................10

2.7 Автокөлік құралдарының, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйін диагностикалау ....................................................................12
3.1 Жеке тапсырма ......................................................................................................13

3.2 ВАЗ-2110 автокөлігінің құрылу тарихы .............................................................13

3.3 ВАЗ-2110 автокөлігінің жалпы көрсеткіштері, мінездемесі ............................16

3.4 ВАЗ 2110 автокөлігінің басқа түрлері (модификациясы) .................................17

3.5 ВАЗ 2110 автокөлігінің қозғалтқышы ................................................................18
Қорытынды ..................................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................................21

Кіріспе


Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Оның жалпы мағынасы «Тарту» және «Өздігінен жүреді» деген мағынадан туындаған. Яғни, адам баласы өз жұмысын женілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде көптеген автомобильдер жасалған. Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде-бір ауыр жұмыс істелмейді. Сондықтанда олардың адам өмірінде маңызы зор.

Автомобильдардың адам өмірінде атқаратын қызметтері көп. Осыған байланысты олардың да сан алуан түрлері болады. Солай бола тұрса да олардың жұмысын, құрылысын ортақ бір жүйеге келтіруге болады. Сол сияқты халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады. Олар ауыр жүктерді тасмалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау,көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану. Осындай халық шаруашылығында пайдаланудың әртүрлілігі де автомобиль түрлерінің де әртүрлі болуын тудырады. Дегеніменде олардың аздаған өзгешіліктеріне қарамастан, ұқсастықтары да толып жатыр.

«Трубопровод сервис» кешенiнiң ірге тасы 1998 жылы қаланған. Кешеннің қызметі қалада өндiрiстiк салада қамтамасыз ету болып саналады. «Трубопровод сервис» кешенiнде көптеген автомобильдар түрлері кездеседі. Сондықтанда солардың құрлысына көбірек тоқталуға тура келеді және де техникалық пайдалану ережесімен де танысамыз. Бірақ, олардың басқа да түрлерінде кездесетін ерекшеліктерге көңіл бөлінеді. Көптеген автомобильдарға жасалатын техникалық қызметтер түрі қарастырылады. Олар ТҚ-1, TҚ-2 қызмет көрсету кешендері жатады. ТҚ-1 техникалық қызмет көрсету кешені 1, бұл кешенде автомобильдардың борттық бөлшектерін майлау қызметі көрсетіледі. ТҚ-2 техникалық қызмет көрсету кешені 2, бұл кешенде автомобильдардың қозғалыс бөлшектері жөндеуден өтіп немесе қайта жаңа сайманға ауытырылады және де электірлік құрылғылар шамдар, бұрылу шамдары стартер генератор акуммуляторлар және т.б бөлшектері де жөнделіп ауыстырылады.

1.1Автомобильдардың техникалық пайдалану ережесі


Осы Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) іске асырылуы жол қозғалысы қауіпсіздігін, жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автокөлік құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға және олардың пайдалану сенімділігін арттыруға бағытталған автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі негізгі нормативтік ережелерді белгілейді.

Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Автомобиль көлік құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнайы автомобильдерді (әр түрлі, негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі.

Жарамды жай-күй - автокөлік құралдарының конструкциясына, параметрлеріне, функционалдық мақсатталуына және агрегаттарының, тораптарының, бөлшектерінің қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық жай-күй.

Автокөлік құралының санаты - 1-қосымшаға сәйкес техникалық параметрлері мен функционалдық мақсаты бойынша автокөлік құралының жіктемесін белгілейтін мән.

Сенімділік - жұмыстың, техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және сақтаудың берілген режимдерінде және пайдалану шарттарында, белгіленген шектердегі берілген функциялардың орындалуын, пайдалану көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің техникалық жай-күйі.

Жарамсыз жай-күй - автокөлік құралдарының конструкциясына, параметрлеріне, функционалдық мақсатталуына және агрегаттарының, тораптары мен бөлшектерінің жұмыстық мақсаты мен қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттама талаптарының біреуіне болса да сәйкес келмейтін техникалық жай-күй.

Техникалық қызмет көрсетудің міндетті жұмыстары (міндетті жұмыстар) - орындалуы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және автокөлік құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған операциялар кешені.

Автокөлік құралының толық массасы - толығымен жағармай (отын, май, салқындататын сұйықтық) құйылған, жасаушы кәсіпорын белгілеген жолаушылардың немесе жүктің барынша рұқсат етілген саны бар жинақталған (қосалқы доңғалақпен және сайманмен) автокөлік құралының массасы.

Ұсынылатын техникалық қызмет көрсету жұмыстары (бұдан әрі - ұсынылатын жұмыстар) - орындалуы негізінен бөлшектердің тозуын, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйі параметрлерінің нашар жаққа өзгеру қарқынын төмендетуге, автокөлік құралдарының үнемділігін, жүрмей қалу мен ақаулықтардың туындауын болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған техникалық қызмет көрсету операцияларының кешені.

Автокөлік құралының жабдықталған массасы - толығымен жағармай (отын, май, салқындататын сұйықтық) құйылған, жинақталған (қосалқы доңғалақпен және сайманмен) автокөлік құралының массасы.

Техникалық жай-күй - автокөлік құралының пайдалану процесінде өзгеруге бейім қасиеттері мен нормативтік және конструкторлық құжаттамада белгіленген агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің, олардың өз функцияларын орындау немесе оларды мақсаты бойынша қолдану мүмкіндігін анықтайтын параметрлерінің жиынтығы.



Техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) - автокөлік құралдарын жарамды күйде ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды пайдалану және сақтау процесінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған операциялардың кешені (техникалық әсер ету).

Сурет- 1. техникалық қызмет көрсету
2.1 Шиналар мен доңғалақтарға қойылатын талаптар
Шиналар өлшемі, рұқсат етілген жүктемесі және қозғалыс жылдамдығы бойынша, сондай-ақ олардағы ауаның қысымы пайдалану жөніндегі басшылықта (конструкторлық құжаттамада) автокөлік құралының нақты маркасы (үлгісі) үшін жасаушы кәсіпорын белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Автокөлік құралдарына, оның ішінде тіркемелер мен жартылай тіркемелерге салынған шиналардың бұжыртабаны суретінің қалған биіктігі МЕМСТ-тардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Шиналарда жергілікті кордаларды жалаңаштайтын зақымдықтардың (тесіктердің, кесілген жерлердің), сондай-ақ бұжыртабанның бетінде локальды тозу таңдақтарының болуына немесе оның қабатталуына рұқсат етілмейді. Доңғалақтардың құрсауларында жарықтар мен майысқан жерлер болмауы тиіс, бекіткіш бұрандамалардың немесе гайкалардың болмауына, сондай-ақ оларды тарту моментінің босауына рұқсат етілмейді.     Қосарланған доңғалақтар дискілердегі вентиль тесіктері, шиналардағы ауа қысымын өлшеу және сәйкестікке келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, бірге болатындай етіп салынуы тиіс. Реттығындарды тығындармен, пробкалармен және басқа құралдармен ауыстыруға рұқсат етілмейді.

Автокөлік құралының бір білігінде радиалды шинаны диагоналды немесе бұжыртабанының суреттері әр түрлі шиналармен бірге орнатуға рұқсат етілмейді.

2.2Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Автокөлік құралдарының сенімділігін, олардың жолдардағы қоршаған ортаға ең төменгі теріс әсермен қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жоспарлау-алдын алу техникалық қызмет көрсетудің жоспарлау-алдын алу жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) іске асырумен жүзеге асады. 
     Жүйе нормативтік құжаттаманың, және автокөлік құралдарының, оларды пайдалану және сақтау процесіндегі жарамды күйін қамтамасыз ету үшін қажетті орындаушылардың және техникалық қызмет көрсету және жөндеу құралдарының жиынтығын білдіреді.

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нормативтік құжаттама пайдалану шарттарын ескере отырып, қағидаттар, анықтамалар, ұсыныстар, технология, нормативтерді және оларды өңдеу әдістерін белгілейді және осы Ережеден, мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік актілерден, оның ішінде конструкторлық құжаттама мен автокөлік құралының нақты маркасын (үлгісін) пайдалану жөніндегі басшылық құралдан тұрады.

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нормативтік құжаттама пайдалану шарттарын ескере отырып, қағидаттар, анықтамалар, ұсыныстар, технология, нормативтерді және оларды өңдеу әдістерін белгілейді және осы Ережеден, мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік актілерден, оның ішінде конструкторлық құжаттама мен автокөлік құралының нақты маркасын (үлгісін) пайдалану жөніндегі басшылық құралдан тұрады.

Автокөлік кәсіпорындарында, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындарда (бұдан әрі - техникалық қызмет көрсету станциялары) орналасқан автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құралдарына ғимараттар мен құрылыстар, технологиялық жабдық пен жарақ кіреді.





Сурет- 2. техникалық қызмет көрсету
Жүйені іске асыру процесіндегі техникалық іс-әрекет жиынтығы: 
      1) автокөлік құралын пайдалануға енгізуге, пайдаланудан уақытша алуға және сақтауға, дайындауға;
      2) автокөлік құралдарының, оларды пайдалану және сақтау процесіндегі қажетті сенімділік деңгейін ұстап тұруға және жарамды күйін қамтамасыз етуге бағытталған автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды қамтиды.

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мынадай түрлерге бөлінеді: 


      1) сату алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚса); 
      2) сыннан өткізу кезеңіндегі техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚсө); 
      3) күн сайынғы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - КҚ); 
      4) кезеңді техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚк); 
      5) маусымдық техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - МҚ); 
      6) консервациялау алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚт); 
      7) жөндеу (бұдан әрі - Ж).

ТҚ операцияларының барлық көлемі екі топқа бөлінеді: 


      1) міндетті жұмыстардың тізбесіне (4-қосымша) кіретін операциялар. Операциялардың бұл тобы, меншік нысандарына қатыссыз автокөлік құралдары иелерінің барлығы орындау үшін міндетті болып табылады; 
      2) автокөлік құралдары иелерінің шешуі бойынша орындалатын, ұсынылатын операциялар.

Өндірістік бағдарламаға байланысты автокөлік құралдарына ТҚ бойынша жұмыстар (күйанықтау) ағынды желілерде немесе тұйықталған посттарда, ал ТЖ - әмбебап және мамандандырылған посттарда орындалады.Автокөлік құралдары- на ТҚ бойынша жұмыстар кемінде: 


      1)ТҚ-1 үшін - 12 қызмет көрсету; 
      2) ТҚ-2 үшін - 5 қызмет көрсету ауысымдық бағдарламасы бар ағынды желілерде жүргізіледі.

Орындалатын жұмыстардың сапасын белгіленген көлемде қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ілеспелі ағымдағы жөндеудің көлемін ТҚк жүргізу кезінде шектеу ұсынылады. Ілеспелі ағымдағы жөндеу операцияларының жалпы еңбек сыйымдылығы ТҚк тиісті түрінің еңбек сыйымдылығынан 20%-дан аспауы тиіс.

2.3 Автокөлік құралдарына сыннан өткізу кезеңіндегі техникалық қызмет көрсету
Жаңа автокөлік құралдарының сыннан өткізу кезеңі бөлшектердің, тораптардың, тетіктердің қарқынды қосымша жұмысымен, бекіткіш қосылыстардың босауымен және технологиялық саңылаулардың бұзылуымен сипатталады.

ТҚсө бойынша жұмыстарды орындауды автокөлік құралының иесі техникалық қызмет көрсету станцияларында жүзеге асырады және ол автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің ең төменгі тозу арқылы қосымша жұмыс істеуін, босаған бекіткіштер мен қосылған жерлерді бақылауды және тартуды қамтамасыз етудің қолайлы жағдайын жасауға бағытталған.

Сыннан өткізу кезеңі жасаушы кәсіпорында автокөлік құралының нақты маркасы (үлгісі) үшін белгіленеді және конструкция мен пайдалану шарттарына байланысты 1-ден 5 мың км дейін болуы мүмкін.

Автокөлік құралын сыннан өткізу кезеңінің соңында орындалуы қажет негізгі жұмыстарға: 


     1) қозғалтқыштағы майды және май сүзгісін ауыстыру; 
      2) майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерінің герметиктігін тексеру; 
      3) агрегаттардың бекіткіштері мен трансмиссияның тораптарын тексеру; 
      4) газ бөлу тетігі мен қоректендіру жүйесі бойынша реттеу жұмыстары; 
      5) басқару тетіктері мен тежегіш жүйесі бойынша бақылау-диагностикалық жұмыстар; 
      6) қозғалтқышты пайдаланылған газдардың уыттлығы мен түтінділігіне тексеру жатады. 
      Автокөлік құралының нақты маркасына (үлгісіне) арналған ТҚсө операцияларының толық тізбесі жасаушы кәсіпорында белгіленеді және пайдалану жөніндегі нұсқауда (сервистік кітапшада) келтіріледі.

2.4Автокөлікқұралдарына күн сайынғы техникалық қызмет көрсету


КҚ күн сайын ауысымның басталу алдында не ауысымаралық уақытта автокөлік құралының техникалық жай-күйін бақылау және оны пайдалануға дайындау мақсатымен орындалады.

Автокөлік құралына КҚ операцияларында: 


      1) тиісті сыртқы түрді сақтау бойынша жұмыстарды орындау; 
      2) техникалық жай-күйді тексеру; 
      3) пайдалану сұйықтықтарын құю; 
      4) санитарлық өңдеу көзделеді. 
      Автокөлік құралына КҚ жөніндегі жұмыстардың толық тізбесі және олардың еңбек сыйымдылығының нормативтері 5, 7-қосымшаларда келтіріледі.

Техникалық жай-күйді тексеруді күн сайын арнайы постта немесе автокөлік құралы тұрақты тұратын (сақталатын) орында жауапты техникалық қызметкер (бақылаушы механик) және (немесе) желіге шығу алдында жүргізуші жүзеге асырады.

Автокөлік құралының кәсіпорын тұрақты орналасқан орыннан тыс жұмысы кезінде КҚ бақылау операцияларын күн сайын жүргізуші орындайды. Бақылау операциялары сонымен қатар жүргізушілер ауысу кезінде орындалады.

Жинау-жуу жұмыстары қажетті жуатын жабдықпен жабдықталған және қоршаған ортаның автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің тозуынан шыққан заттармен, пайдалану материалдарымен және персонал осындай жұмыстарды орындауға арналған арнайы техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады. Одан басқа, жинау-жуу жұмыстары міндетті тәртіппен автокөлік құралдары күйін анықтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына автокөлік құралы келер алдында орындалады.

2.5 Автокөлік құралдарына маусымдық техникалық қызмет көрсету
МҚ автокөлік құралын көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер жұмысына дайындау бойынша жұмыстарды орындау арқылы жылына екі рет (көктемде және күзде) жүргізіледі.

МҚ кезінде орындалатын жұмыстардың жалпы көлеміне ТҚ-2 міндетті жұмыстары және тікелей МҚ операциялары (6-қосымша) кіреді.

Төменгі температуралар кезінде қозғалтқышты іске қосуды, автокөлік құралының жолаушы салонының (кабинасының) герметиктігін және қыздырылуын қамтамасыз етумен, қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендетумен байланысты МҚ едәуір маңызды жұмыстары күзгі кезеңде орындалады.

Одан басқа, МҚ негізгі жұмыстарына: 


      1) қоректендіру жүйесінің герметиктігін, қозғалтқыштың майлану мен сал-қындатылуын, сондай-ақ салқындатқыш сұйықтықтың тығыздық деңгейін тексеру және пайдалану шарттарымен сәйкестікке келтіру; 
      2) от алдыру жүйесін (жоғарғы вольтті сымдардың, бөлгіштің және тұтан -дыру оттықтарының жай-күйін) тексеру; 
      3) электр жабдығының жай-күйін тексеру; 
      4) электролиттің тығыздық деңгейін бақылау әрі пайдалану шарттарымен сәйкестікке келтіру және аккумулятор батареясының бақылау-машықтандыру циклін жүргізу; 
      5) қозғалтқыштағы майды және салқындатқыш сұйықтықты ауыстыру (қажеттілік бойынша) жатады.

2.6 Автокөлік құралдарына консервациялау және сақтау алдында техникалық қызмет көрсету


Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары ауысымаралық уақытта, сондай-ақ ТҚ және Ж посттарына қою алдында жабық үй-жайларда және қалқаның астында немесе ашық алаңдарда сақталуы мүмкін (көлікжайсыз сақталу).

Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар және таксилер ауысымаралық уақытта, сондай-ақ жұмыс сипаты тұрақты дайындықты қажет ететін автокөлік құралдары жабық жылытылатын үй-жайларда сақталуы тиіс.

Қауіпті жүктерді, уландырғыш және улы заттарды автомобильмен тасымалдауға арналған және пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдары басқа автокөлік құралдарынан бөлек, олар үшін арнайы бөлінген алаңдарда сақталуы тиіс.

Автокөлік құралдарын сақтау орындарына қою, автокөлік құралдары мен ғимараттардың және құрылыстардың элементтері арасындағы қашықтық "Жалпыодақтық автомобиль көлігі кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары" туралы РКФСР Автомобиль көлігі министрінің 1986 жылғы 6 наурыздағы № 33 бұйрығымен бекітілген ЖТЖН-01-86 талаптарына сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау аймағында жөндеу жұмыстары мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге, сондай-ақ сүрту және пайдалану материалдарын сақтауға рұқсат етілмейді.

Ұзақ сақтауға (үш айдан артық) қою кезінде автокөлік құралдары жарамды күйде болуы тиіс және консервациядан өтуі тиіс.

Консервациялау алдында жинау-жуу жұмыстары және қажет жағдайда, автокөлік құралдарын жарамды күйге келтіру үшін ТҚ және ТЖ жұмыстары орындалады.

Консервациялау мағынасында автокөлік құралдарын арнайы дайындалған жағдайда және олардың ұзақ уақыт кезеңі бойы сақталуын және қысқалау мерзімде көліктік күйге келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, осы мақсаттарға арналған алаңдарда жарамды күйде ұзақ сақтауға дайындау бойынша операциялар түсініледі.

Алты айға дейінгі мерзімге сақтауға қойылған автокөлік құралдарының ТҚк бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай операцияларды орындау қажет: 


      1) салқындату жүйесіне аз қататын сұйықтықты құю (күзгі-қысқы уақыт кезеңінде сақтауға қою кезінде); 
      2) желдеткіш, генератор және сығымдағыш жетегі белдіктерінің тартылуын босату; 
      3) тұтандыру оттықтарын бұрап алу және қозғалтқыштың цилиндрлеріне 50-70 см -ден май құю, содан кейін иінді білікті 5-6 айналымға бұру және тұтандыру оттықтарын бұрау; 
      4) сығымдағыштың цилиндрлеріне 20 см -ден май құю; 
      5) электролиттің тығыздығын тексеру және қажет жағдайда сақтау температурасына сәйкес келетін қажетті деңгейге жеткізу және аккумулятор батареясын толығымен зарядтау. Аккумулятор батареясының минустық клеммасын шанақпен (массамен ) қосатын сымды ажырату; 
      6) қоректендіру жүйесі ауа сүзгісінің кіріс келтеқұбырын және сөндіргіштің кіріс құбырының саңылауын майлы қағазбен тығыз жабу; 
      7) қол тежегішінің үйкелу тораптарын майлау; 
      8) автомобильді, доңғалақтардың жер бетінен көтерілуін қамтамасыз ететіндей тұғырықтарға қою; 
      9) кабина мен шанақтың есіктері мен терезелерін және желдеткіш люктерді жабу.

Автокөлік құралдарын алты айдан артық мерзімге сақтауға қою кезінде ТҚк операцияларының тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі: 


      1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесінен құйып алу (жүк автомобильдері мен автобустар үшін) және жүйені таза сумен жуу, құйып алу крандарын ашық күйде қалдыру; 
      2) отынды отын багынен құйып алу; 
      3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшін автокөлік құралынан алу; 
      4) шиналарды жарық өткізбейтін материалмен жабу немесе қорғаныш ерітіндісімен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезінде); 
      5) жүк автомобильдері мен автобустар шанағының және жүк автомобильдері кабинасының сыртқы бетін балауыз пастасымен, ал сәндік бөлшектердің хромдалған немесе жылтыратылған беттерін бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу. 
      Автокөлік құралдарын ашық алаңда сақтау кезінде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лак-бояу қабықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында автокөлік құралын тура күн сәулесі мен жауын-шашынның әсерінен сақтау қажет (тентпен жабу, уақытша қалқа жасау).

2.7Автокөлік құралдарының, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйін диагностикалау


Диагностикалау автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және автокөлік құралдарының, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күй параметрлерін анықтауға бағытталған.


3-сурет. техникалық қызмет көрсету

Диагностикалау осы Ережеде көзделген міндетті жұмыстарды (4-қосымша) орындаудың нақты қажеттігін анықтаумен, жүрмей қалу мен жарамсыз жай-күйдің туындауы мүмкін уақытын болжаумен, жүрмей қалу мен ақаулылықтардың болуын байқаумен, сондай-ақ агрегаттың, тораптың немесе бөлшектің қалған ресурсы мен тоқтаусыз қызмет мерзімін параметрлердің нақты мәндерін шектік рұқсат етілгендермен салыстыру арқылы анықтаумен қорытындыланады. Диагностикалау мақсаты, кезеңділігі, орындалатын жұмыстардың көлемі, орны бойынша технологиялық процесте жедел диагностикалау (жалпы) (бұдан әрі - Д-1 ) және элемент бойынша диагностикалау (тереңдетілген) (бұдан әрі - Д-2) болып бөлінеді.Д-1 қажеттілік бойынша ТҚ және ТЖ жүргізу алдында немесе оны орындау кезеңінде орындалған жұмыстарды жедел не қорытынды бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей ТҚ посттарында орындалады. Олар агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің, жол қозғалысы қауіпсіздігіне, олардың экологиялық қауіпсіздігіне әсер ететін техникалық жай-күйпараметрлерін анықтауға арналған.

Д-1 нәтижелері бойыншареттеу және жөндеу жұмыстарының көлемдері айқындалады. Д-2 мамандандырылған посттарда (желілерде) кезеңді түрде, әдетте, ТҚ-1 және ТҚ-2 орындау алдында автокөлік құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің жүрмей қалуы мен ақаулылықтарын байқау мақсатымен орындалады, оларды жою көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды орындауды талап етеді және оларды ТҚк және ТЖ жұмыстарымен бірге орындау орынсыз. Д-2 нәтижелері бойынша автокөлік құралдарын жол қозғалысы қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күйде сақтау үшін қажетті реттеу және жөндеу жұмыстарының көлемдері белгіленеді, сондай-ақ автокөлік құралдарының жарамды жұмыс ресурсы белгіленеді.

3.1 Жеке тапсырма

ВАЗ-2110 (Lada 110) — жеңіл автокөлік, алдыңғы жетекті, төрт есікті Волжоск автокөлік заводының B- кластық седаны. АвтоВАЗда 1996 жыл мен 2007 жылдар аралығында шығарылды. .Қазіргі уақытта жан жақты өндірістік автокөлік базасында LADA-110 органы құрылған және автокөліктер комплектілік ОАО «АВТОВАЗ» және басқада әлемдік өндіріс орындарынан шығарылады. (мысалы, автокөліктер «Богдан 2110», Черкасада орналасқан жинақталған автозавод «Богдан» корпорациясындағы)

3.2 ВАЗ-2110 автокөлігінің құрылу тарихы
1983 жылы хэтчбэк базасындағы ВАЗ-2108 седанының жобасының құрылысы басталды. Жобаға ВАЗ-2110 деген атау берілді. Бірақ оның құрылысына өте коп өзгерістер енгізілді , соның ішінде үстеме бағалы машиналарда. Сондықтанда 1987 жылы бұл жобаны ВАЗ-2108 дың жай седанға айналуы жобасынан бөліп тастады. (ендігі уақытта ВАЗ-21099 атына ие болады).

ВАЗ-2110- дың алғашқы үлгісі 1989 жылы шілде айында пайда болды. Porsche полигон фирмасында түсірілген, «За рулём» журналының қараша айындағы номерінде 1990 жылы осы модельдің суреттері шығарылып тұрды. Кезекті шығарылымда ВАЗ-2110 ды 1992 жылдан бастау айтылды, бірақ экономикалық дағдарыстан бұл жоспар бірнеше жылға кейінге шегерілді. Ең бірінші ВАЗ-2110 кең дамыған АВТОВАЗа өндірістік орталығында 1995 жылдың 27 маусымында шығарылды, бұл өндірістік орталық 1996 жылдан бастап өте кең түрде дами бастады. Осы кезеңдерде технологиялар әлемдік машина жасауда жоғары деңгейде болған ,және 80 жылдардың аяғында шыққан үлгілерді жаңа деп айтуға болмайтын болды. Алайда осыған қарамастан, АвтоВАЗа өзінің шығарған өнімдері бойынша да ,олардың сапасына байланыстыда алдыңғы қатарда болды. «Жигули» мен «самарға» қарағанда, ВАЗ-2110 автокөлігі жоғары санатты болып есептелді, сырттай заманға сай және бәсекеге қабілетті және іштейде сондай қасиеттерге ие. Көп жағдайда, машинада қозғалтқышпен басқарудың электрондық түрі және диагностикалық блок орналастырылған болатын, гидрокүшейткіш рулі мен электрлік шыныкөтергішті де орналастыру мүмкіндіктері қарастырылған, кузовтың бөлшектеріне оцинкалы металл қолданылды, және оны бояуға жана бояу технологиялық әдісі қолданылды. «Десятканың» пайда болуы отандық автопаромның жаңа дәуіріне жол ашқандай болды. «Десятканың» жақын баламасы шетелдік Opel Astraның бірінші легі , Opel Kadett E, Audi 80нің төртінші легі, Daewoo Nexia.2007 жылдың наурыз айында АВТОВАЗаныің бас конвейерінда кезекті өндірісте «Лада Приора» үлгісінің жаңа негізі шығарылды.


Сурет-4. ВАЗ-2110 автокөлігі



Белгілі уақытта «Приорлар» және «десятклар» қатар шығарылды.. соңғы ВАЗ-2110 тольяттық конвейерадан 2007 жылдың 15 қазанында шықты. ВАЗ-2111 (универсал) және ВАЗ-2112 (хэтчбэк)одан кейін екі жыл бойы шығарылды.Қазіргі уақытта ВАЗ-2110 Богдан корпарациялық автозаводында АВТОВАЗа ның тіркемесімен украиндық Черкассы қаласында «Богдан» атты маркамен жинақталады. Сонымен қоса «Богдан» компаниясында бикап ВАЗ-2110 базасында жасалды. ВАЗ-2110 автокөлікке прототип болған Москвич-2143 автокөлігінің макеті. Алайда ВАЗ 2110 200 сериясының дизайнерлік эскизы мен макеті 1987 жылы көрсетілген болса, Москвич-2143 тікі 1991жылы. «ВАЗ 2110» автокөлігінің масштабтық коллекциондық моделі «Агат-Моссар» фирмасынан шығарылады, 1/43 масштабпен. «Агат» фирмасынан шыққан модельдер әртүрлі бояулар мен модификацияларға ие. (мысалы, ДПС, жедел жәрдем және т.б.). Бұл модельдерде капот пен багажник ашылады.Ең алғаш шығарылған серияларында жанындағы терезелерде қара рамка жеке деталь болып салынған болатын,сонымен қоса төбесінде люк болды және онда «lada 110 madeinrussia»деген жазу болды, төбесі тек қана орталық бағанға жалғанды.Кейінгі рамкасы кузовтың түсіндей болып келді және люк пен жазуы болған жоқ.Кузовтың сапасы берілген үлгіге қарағанда өте жақсы, мысалға «Агат-Моссар» фирмасында шығарылған үлгілермен ВАЗ 2108/09 үлгісі. Қытайлық «Autotime» фирмасы «ВАЗ 2110» автокөлігінің коллекциондық үлгілерін шығарады, 1/36 масштабпен, сонымен қоса әртүрлі символдармен және модификациямен. «Autotime» фирмасынан шыққан үлгі артқы дөңгелегінде кішкене қолғалтқышы бар. Ал қытайлық «Технопарк» фирмасы «ВАЗ 2110» коллекциондық үлгісін 1/43 масштабымен шығарады және оныңда артқы дөңгелегінде қозғалтқышы бар. Тольятти қаласынан шыққан «десятка» автомашиналар— бұл жаңа кіріспе , отандық автомобиль саласында бұл кіріспе жана толқын әкелді. Конструкторлар көлік жүрісінің жеңілдігімен жұмсақтағана қатты көніл аударды, үнемділігін жоғары деңгейге көтерді, бірақ соның өзінде керек емес жеткіліксіз наәрселердің көбісін жоя алмады, өкінішке орай автокөлік комплектілік талаптарға сай емес. 2002 жылы акционерлік қоғам «АВТОВАЗ» бірнеше автокөліктердің жаңа шығарылымдарын көрсетті: ВАЗ- 21102 және ВАЗ- 21103, «люкс» деңгейіндегі ( ВАЗ- 21103-00 және ВАЗ- 21102-02), «стандарт» (ВАЗ-21102-00) және «норма» (ВАЗ- 21102-00). Өндірушілер «норма» (ВАЗ- 21102-00) автокөлігіне заманға сай электрлік шыныкөтергіштер , кузовка металлик атты улбтрасәнді бояу, ыңғайлы және көңілге қонымды орындықтар автокөліктің комфортын одан әрі жоғарылатты.. «Люкс» сериясындағы автокөліктер ( ВАЗ- 21103-00 және ВАЗ- 21102-02), комплектісінде өзімен қоса 14 дюмдық дисктары бар, техникадағы ғажайып - компьютермен, алдыңғы орындығы жылыту жүйесімен, ал айналарына электрлік жетек пен жылыту және тұманға қарсы жүйе орнатылған. Осының бәрімен қоса, ондық базада автокөліктердің кішісериялық үлгілері өндірістен шыға бастады, мысалы: седан ВАЗ 21106, седан-стрейч 21108 Премьер және лимузин 21109 Консул. Бұған қоса еншілес кәсіпорын ВАЗа комфорттты автокөліктер ұсыныс жасайды. Мысалы, Бронто брондалған седандар шығарады. Сонымен қоса купэ 21106К және әмбебап ВАЗ 211х Лада Тарзан 2 , 4х4 толық жетекпен. Барлық фирмаларды терең тексере келе, сыртқы түріне әртүрлі жөндеулерді ұсынады, кузовтың тюнингі. Мысалы: Лада — Леди, Спринт, Ника, Кураж, Лада БИС, Торнадо. Кәсіпорын ОПП ВАЗ кезекті шығарылымында ультражаңа седандар ұсынады: 2110М және 2110Т. 2003 жылдан бастап «АВТОВАЗ» акционерлік қоғам ВАЗ-2110 маркалы автокөліктер еуропалық стандартқа сай өндіріске ауытырылды.
3.3 ВАЗ-2110 автокөлігінің жалпы көрсеткіштері, мінездемесі
Өндіруші: АвтоВАЗ, (Тольятти, Россия)

Мекеме жылдары: 1995—осы уақытқа дейін

Жинақ: АвтоВАЗ, (Тольятти, Россия) 2007 жылға дейін

Богдан, (Луцк, Украина)

Богдан, (Черкассы, Украина)

Египет


Класс: B

Басқа атауы: Богдан-2110, десятка



Дизайн

Кузов түрі: 4‑қоз. седан



Компоновка: алдыңғықозғалтқышты, алдыңғыжетек

Сурет-5.ВАЗ-2110 автокөлігінің мінездемесі
Қозғалтқыштар

бензинді, төртактілі , 8-немесе 16-клапанды, 79 немесе 92 л.с., жұмыс аумағы 1,5 немесе 1,6 л.

Трансмиссия

5 ст., механикалық

Мінездеме

Масса –габаритті ұзындық: 4265 мм

Ені: 1680 мм

Биіктік: 1420 мм

Клиренс: 170 мм

Дөңгелекті база: 2492 мм

Артқы колея: 1380 мм

Алдыңғы колея: 1410 мм

Масса: 1020 кг

Динамикалық жоғары жылдамдығы:170 км/ч (8-клапанды қозғалтқыш),180 км/ч (16-клапанды қозғалтқыш)

Кузовтың түрі: Седан

Ұзындығы: 4265 мм

Ені: 1680 мм

Биіктігі: 1420 мм

Есік саны: 4

Орын саны: 5

Жүк салғыш көлемі: 450 л

Бактың көлемі: 43 л

Жанармай шығыны: қалалық режимде 7,5 л ал трассада 5.8 л

3.4 ВАЗ 2110 автокөлігінің басқа түрлері (модификациясы)


Модификация. Бағасы. Екпін. Көлемі. Қуат.Көлемі.

ВАЗ 21101 1.6 i 287 000 р 170 км/ч 13.5 с 1596 см³ 80/5600 7.5 л

ВАЗ 21102 1.5 - 165 км/ч 14.0 с 1500 см³ 79/5600 8.2 л

ВАЗ 21103 1.5 - 170 км/ч 13.0 с 1500 см³ 94/5600 8.6 л

ВАЗ 21104 1.6 i293 000 р180 км/ч 12.0 с 1596 см³ 90/5000 7.5 л

ВАЗ 21108 1.5 - 170 км/ч 13.0 с 1500 см³ 92/5600 8.5 л

* Баға – автомобильдің рубльдағы ең минимальді бағасы

* Жылдамдық - км/сағ тағы м максималды жылдамдығы

* Үдеу - 100 км/сағаттағы секундтағы үдеу уақыты

* Көлем – қозғалтқыштағы жұмыс көлемі кубтық см

* Қуат - в л.c. / минут бойындағы айналу

* Шығын – аралас циклдағы 100 км дағы шығын


Lada 2110 / ВАЗ 2110
Lada 2110 ға алғаш рет автомобильдің бақылау электронды блогі орнатылды. Бұл автокөліктің жүрісіне және эксплуатационды мінездемесіне әсер етті. Базалық комплекті жаңа марка қозғалтқышымен , 1,6 литр көлемі және 80 аттың күшімен теңестірілген күшпен жылдамдығын 170 км/сағ. өсіреді. Инжектордың арқасында «десятканың» күші 10 л.с көтерілді. ВАЗ 2110 автокөлігінің дизайны Дизайн салона ВАЗ 2110 заманға сай бола түсті , жүксалғыш 450 литрға дейін үлкейді, кондиционер орнатуға мүмкіндіктер және шыныкөтергішпен рөлдің гидрокүшейткішін өзгертуге жағдай пайда болды.Құрылымда орындаудың үш варианты бар,олар: «стандарт», «норма» және «люкс». «Норма» комплектациясында салонның эргономикасы жақсартылған.Артқы орындықтарда подголовниктар пайда болды, кіші терезелер мен артқысын жылыту жүйесімен қамтамасыз етті,қатты ыстық пен суықты болғызбау үшін,ал алдыңғысына шыныкөтенгіштер орнатылған. ВАЗ 2110 үлгісіндегі «Люкс» комплектациясына бортты компьютер кіреді, орындықтар велюрмен қапталған, тұманға қарсы фралар, спойлер және литые 14 дюймдік дискілер. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Тольяттидағы ВАЗ 2110 автокөлігінің өндірісі тоқтады. Қазір бұл автомобиль украиндық Богдан заводында Bogdan 2110 аттты маркамен шығарылады.

3.5 ВАЗ 2110 автокөлігінің қозғалтқышы


Cурет – 6.


1 – жетек генератор шкиві (демпфер);2 –май насосы; 3 –салқындатқыш сұйықтықтың тісті шкиві; 4 - шатун; 5 - поршенді палец; 6 – керілгіш ролик; 7 – таратқыш біліктің тісті шкиві; 8 – жетекті газтаратқыш механизмінің алдыңғы қақпағы; 9 - жетекті газтаратқыш механизмінің ременьі; 10 - жетекті газтаратқыш механизмінің артқы қақпағы ;11 - таратқыш біліктің сальнигі; 12 – цилиндрлі блок басының қақпағы; 13 - таратқыш білік; 14 - таратқыш біліктегі подшипниктің алдыңғы қақпағы; 15 – картер вентиляциясы жүйесіндегі майбөлгіш; 16 - таратқыш біліктің подшипнигінің артқы қақпағы; 17- майқұйғыш түтіктің қақпағы; 18 - жанармай насосы; 19 – жағу таратқышы; 20 – көмекші агрегаттар корпусы; 21 - отводящий патрубок рубашки охлаждения; 22 - итергіш; 23 – клапанның пружинасы; 24 – сұйық салқындатқыш температурасының датчигі; 25 - клапан; 26 – цилиндр блогінің басы; 27 – цилиндр блогі; 28 - поршень; 29 - маховик; 30 – иінді біліктің артқы сальнигін ұстаушы; 31 – иінді біліктің артқы сальнигі; 32 – иінді білік; 33 - коренді подшипник қақпағы; 34 - поддон картера; 35 – май насосының қабылдағышы; 36 – шатунның қақпағы; 37 - иінді біліктің алдыңғы сальнигі; 38 - иінді біліктің тісті шкиві; 39 - пробка сливного отверстия поддона картера; 40 – май фильтрі; 41 – салқындатқыш сұйықтықтың насосы; 42 – шығарушы коллектор; 43 – шығарушы коллектор; 44 - карбюратор; 45 – клапанның реттегіш шайбасы; 46 – картер вентиляциясының картері; 47 - клапан сухарі; 48 –клапанның бағыттауыш втулкасы ; 49 - майдың щупі. Қозғалтқыш ВАЗ 2110 (бойлық қима)